Алматы полициясы бизнес-орталықтағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде,деп хабарлады Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Қалалық полицияның ақпаратына сәйкес, адам өліміне әкеп соққан өрт фактісі ҚР ҚК 292-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнында 54 жастағы Н. есімді азамат иіс газына уланып көз жұмған. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Бостандық ауданы ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.
Еске сала кетсек, кеше шамамен кешкі жетіде Алматы қ. ІІД Жедел басқарма орталығына бизнес-орталықтағы өрт туралы хабар келіп түсті. Ғимараттан 80 адам көшірілді.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға және көлік құралдарын реттеуге Алматы қалалық ІІД-нің 65 қызметкері атсалысты.