Күні кеше жол апатына ұшыраған әнші Қайрат Нұртас рульде өзі болмаған. Оны Әйтеке би ауданының бір тұрғыны өз көлігімен апара жатқанда тас жолдың бір бөлігінде бір үйір жылқыларға соғылған.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, әнші Қайрат Нұртас жол апатына ұшыраған еді. Бұл туралы әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде хабарлаған.
