Қырғыз азаматтары қаза болған дәріге жауап бере алмаймыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Жалпы, дүниежүзінде әрбір жеке кәсіпкерлер, жеке дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындар өздерінің жаңа препараттарын шығаруы мүмкін. Бірақ ол препаратты азаматтарға беру үшін бірнеше жыл зертханалық, клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Ал енді клиникалық зерттеулер жүргізілген кезде дәріні шығаратын мекеме мен дәріні клиникалық зерттеуден өткізетін мекеме арасында келісімшрат болады.
Ол ерікті түрдегі шарт, әрбір клиниканың өз шешімі бойынша беріледі. Бұл – екі мекеме ортасындағы қарым-қатынас. Яғни, олар жеке кәсіпкерлік, жеке мекеме. Сондықтан біз бүгінгі таңда жасалынып жатқан барлық препаратқа жауап бермейміз. Ал өз мемлекеттімізде ондай дәріні клиникалық зерттеуден өткенін, дәлел базасы бар екендігін тексеріп қана аламыз»,- деді министр деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басында елімізде бұқаралық ақпарат құралдарында аталған мекеменің өздері шығарған дәрі-дәрмегін Германияға апарып көрсеткендігі жөнінде ақпарат болған.