Алматы жол полиция қызметкерлері кең ауқымды рейд жүргізіп жатыр. Арнайы рейд жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ көлік құралдарын анықтауға бағытталған.
Өткен тәулік ішінде Алматының жергілікті полициясы мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ 40 автокөлікті айып тұрағына тоғытты деп хабарлады Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Бұл жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылып тұрады. Айта кетелік, өткен кезекшілік тәулікте полиция экипаждарымен 94 көлік құралының тұмшалау пленкалары алынып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ 40 және окылмайтын мемлекеттік нөмірмен жүрген 70 автокөлік анықталды.
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген автоәуесқойлар алдыңғы мемлекеттік нөмірді алып, жылдамдық режимін арттыруына байланысты бақылау-өлшеу аспаптары тіркейтін жауапкершіліктен құтылуға тырысады»,- деп атап көрсетті Алматы қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.
Оның айтуынша, мұндай тәртіп бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларына, кейде оның ауыр зардаптарына ұшыратады. Жергілікті полиция жетекшісінің айтуынша, мемлекеттік нөмірі жоқ көлік құралдарының жүргізушілері ҚР Әкімшілік қылмыстық кодекстің 590-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құқықбұзушылықтың мұндай түріне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 10 мың 605 теңге айыппұл салынады, оқиға қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері екі есеге, яғни 42 мың 420 теңгеге ұлғайтылады. Оның үстіне мемлекеттік нөмірі жоқ көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылатын болады.
«Сондай-ақ, нөмірлері көлік құралын тіркеу туралы куәлікке сәйкеспейтін автокөліктерді, сондай-ақ жоғалған немесе ұрланған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін пайдаланған адамдарды анықтауға бағытталған ауқымды жедел алдын-алу шараларды біздің бөлімше мен әкімшілік полициясының қызметкерлері тұрақты негізде бірлесіп жүргізеді.
Шара аясында жеке құрам жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мен оларды анықтауға және жалған нөмірлер пайдаланған жүргізушілерді әшкерелеуге баса назар аударады. Сонымен қатар экипаж жұмысы – мас жүргізушілер мен көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың көлікке отыруын анықтау жұмысын жандандыру. Бірлескен жағдайға ғана біз қаладағы жол қатынасын жақсартып, жүргізушілер құрамының тәртіптілік деңгейін арттыруға қол жеткізетінімізге сенімдімін»,- деп мәлімдеді подполковник Байкенов.