Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы бір қалыпты. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.
Президент әкімшілігінің жетекшісі Фарида Ниязованың айтуынша, бүгін ол Атамбаевпен телефон арқылы сөйлескен. Президент 20 қыркүйектен бастап медициналық тексеруден өтуіне байланысты аз уақыт демалыс алатындығын айтқан.
Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Қырғызстан делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев бастап барады.
19 қыркүйекте Нью-Йоркте Қырғызстанның өтпелі кезеңнің президенті болған Роза Отынбаева БҰҰ лидерлер кеңесінің отырысына қатысқан. Оның сонымен бірге әлемдік әйел лидерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өтетін «Әйелдерге қатысты зорлықтың экономикалық құны» деген тақырыпта өтетін жарыссөзге қатысатындығы айтылады.