Қазақстан шет елге тағы да қыруар қарызға батқалы тұр. Еліміз бұл жолы Азия даму банкінен 240 миллион доллар несие алмақшы.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Ірі көлемдегі ақша, негізінен, Батыс Қазақстан облысының жолдарын жөндеуге жұмсалмақ. Яғни алдағы бірнеше жылда Ақтөбе-Мақат тас жолының 300 шақырымына асфальт төселіп, тиісті жол белгілері орнатылады. Әрі қаржының бір бөлігі Астана-Ақтөбе және Атырау мен Ақтауға дейінгі жолдарды да жөндеуге бөлінбекші.