Арнайы жүргізілген „Каникул„ шарасы кезінде Алматы полициясы 4 жасар баласы бар ішімдікке бейім жалғызбасты анаға құжаттарын түгендеуге көмектесті.
Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Қазір біз оның құжаттарын түгендеп, жасатып жатырмыз. Тұрғылықты мекен-жайы мәселесін де шешіп бермекпіз. Ондағы ой – баланы жергілікті емханаға тіркетіп қою. Өйткені ата-аналарының кішкентай қателігінен де бала зардап шекпеуі керек. Біз бұл отбасыны үнемі бақылауда ұстайтын боламыз.
Ол баладан айырылып қалуы мүмкін отбасыға жатады. Келіншектің аяқ-қолы сау, денсаулығы мықты. Сондықтан ол жұмыс істеп, баласының жағдайын жасауға қауқарлы„ – деді Алматы қаласы ішкі істер департаментінің Ювенальды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковник Лейла Әліпбаева.