Адам құқығын қорғаушылар сириялық түрмелердегі азаптауларды доғару үшін халықаралық қауымдастықты Дамаскке қысым көрсетуге шақырды.
Сирия үкіметінің бақылауындағы түрмелердегі азаптаулар адамзатқа қарсы қылмыс деңгейіне жетті, делінген Amnesty International баяндамасында. Адам құқығын қорғаушылардың есебі бойынша, Сирияда 2011 жылы наурызда азамат соғысы басталғалы бері, түрмелерде 18 мыңға жуық тұтқын қайтыс болды, немесе күніне орта есеппен 10 адам өліп отырады.
Сирия билігі өзінің қарсыластарының сағын сындыру үшін ондаған жылдар бойы азаптауға жүгініп келеді. Бүгінгі таңда үкіметпен келіспейтін кез келген бейбіт тұрғынды азаптау күнделікті қалыпты жағдайға айналып отыр, деп атап өтті баяндама авторлары.
Адам құқығын қорғаушылар азаптауларды, зорлық-зомбылықтарды доғару үшін халықаралық қауымдастықты (әсіресе АҚШ пен Ресейді) Дамаскке қысым көрсетуге шақырды. Amnesty International ар-ожданы тұтқындарының барлығын босатуын, сириялық мемлекеттік түрмелерге тәуелсіз бақылаушыларды ешқандай кедергісіз жіберуін талап етті.