2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға 29 458 рұқсатнама берілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
«Олардың ішінде 1 716-сы бірінші санат (жетекшілер мен олардың орынбасарлары), 5 550 – екінші санат (құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері) бойынша берілген. ШЖК тартуға рұқсаттың басым көпшілігі үшінші (мамандар) – 13 382 және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша – 6 934, маусымдық жұмыс бойынша – 1 876 берілді», деп жазады pm.kz.
Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 11 713 адам, Түркия – 3 302, Өзбекстан – 3 012, Ұлыбритания – 1 490, Үндістан – 1 274 және т.б. болып есептеледі.