Әлеуметтік желіде Сәбит пен Алтынай ажырасып кетіпті деген әңгімелер гулеп барады.
Бұған отқа май құйғандай болған Алтынайдың өзі себепкер болып отыр. Жұлдызды жұп өздерінің Инстаграм парақшасында ортақ суреттерін өшіріп тастаған екен. Ал Сәбит әзіргі күні ауруханада жатыр. Оның жүрегі сыр берген болатын.
Күйеуі сырқаттанып ауруханада жатқанда Алтынай құрбысы Айнұр Тұрсынбаевамен бірге Түркияға тартып кетіпті. Анталиядағы отырыстарының бірінен Инстаграм парақшасына сурет те жүктеген екен.
“Өмір кейде мәнді емес, құлатқанда жар белес. Өмір деген өтпелі, адамдар мәңгі емес”, – деп жазған екен Алтынай Жорабаева суретінің тұсына.
Желі қолданушыларын да Алтынайдың Анталиядағы демалысынан бұрын Сәбит екеуінің арақатынасы қызықтырыпты. Сонымен қатар қос құрбыға сәттілік тілегендер де болған.
“Қазақтың Айнұры мен Алтынайы, бірінде жыр, бірінде ән таусылмайды. Елімнің қос қарлығашы Ататүрк елінде ай мен күндей жарқырайды” дейді бұл ретте желі қолданушыларының бірі.