Стамбулда Орталық Азия елдерінің 140-қа жуық тұрғыны ұсталды. Азаттық радиосының мәліметі бойынша, ұсталғандардың дені – Өзбекстан азаматтары. Жүздеген өзбекті түрік билігі ел аумағынан шығарып тастауы мүмкін.
Түркия қауіпсіздік күштерінің 29 шілдеде өткізген алғашқы тексеруінде Өзбекстанның 29 азаматы ұсталды. Одан соң олар тағы 100-ге жуық өзбек мигрантын анықтады. Өзбекстан халық қозғалысының мәліметі бойынша, ұсталғандардың 80 пайызы босатылған, 40 адамға Түркия аумағын бір айдың көлемінде тастап кету туралы талап қойылған.
– Олардың төртеуі Тәжікстан азаматы, алтауы – Қырғызстан, тоғыз ресейлік және бір қазақ бар, қалғандарының барлығы – өзбектер. Түркиядан өз еріктерімен кетуге сөз берген 40 адам босатылды, – деді Мұхаммад Салих.
Оның айтуынша, Түркияда ұсталғандардың дені – діни қудалауға шыдай алмай елден кеткендер. “Сол себепті оларды Түркиядан көшіруге жол беруге болмайды”, – деді өз оппозиционері.