Бұл жолғы жиынға Комиссияға мүше 75 адамның бәрі қатыспайды. Өткен отырыста айтылғандай, бұл жолы жұмыс топтарының жетекшілері, шаруа қожалықтарының иелері, үкімет мүшелері және депутаттар бас қосады.
Бұл жолғы жиынға Комиссияға мүше 75 адамның бәрі қатыспайды. Өткен отырыста айтылғандай, бұл жолы жұмыс топтарының жетекшілері, шаруа қожалықтарының иелері, үкімет мүшелері және депутаттар бас қосады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мамырдың 14-і, 21-і және 28-і күндері Комиссияның алғашқы үш отырысы Астанада өткен болатын. 7 сағатқа жуық созылған бірінші отырыста Комиссияның жұмыс тәртібі бекітіліп, 63 мүшенің пікірі тыңдалды. Екінші отырыста Комиссия мүшелері 4 жұмыс тобына бөлініп, олардың жетекшілері сайланды. Экономикалық топқа белгілі ғалым, ауыл шаруашылығының экс-министрі Ақылбек Күрішбаев, құқықтық топқа қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан, ұйымдастырушылық топқа Дос Көшім және Комиссияның жұмысын ақпараттандыру тобына Мұрат Әбенов жетекшілік ететін болды. Ол жиында «қазақстандықтарға жерді жалға беру керек пе, сату керек пе?», – деген мәселе қаралған болатын. Үшінші жиынның күн тәртібіне «жерді шетелдіктерге жалға беру керек пе, жоқ па?» – деген мәселе шығарылды. Комиссия төрағасы, ҚР премьер-министрнінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін айтылған пікірлер хаттамаға түсіріліп, олар қайта талқыға салынады. Кейін, комиссия бір пікірге келгенде, олар парламентке ұсынылады.
Сонымен қатар, жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысын Bnews.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар.