2-маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Тек республиканың солтүстік және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп болжайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ге күшейеді, тұман болады.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының кей аудандарында жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.