Астанада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ХБО АҚ) және Тель-Авив университеті (ТАУ) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ХБО АҚ президенті Гани Ныгыметов пен ТАУ президенті Иосиф Клаф қол қойды.
Астанадағы Қазақстан мен Израильдің іскерлері мен ғалымдарының қатысуымен өткізілген меморандумға қол қою шарасын Қазақстан Республикасындағы ТАУ достары қауымдастығы ұйымдастырды.
Қол қою рәсімінің қатысушылары меморандум шеңберінде өзара іс-қимылдың үлкен перспективаларын атап өтті. Бүгінгі күні ТАУ әлемдік деңгейдегі инновациялық кәсіпкерліктің жоғары оқу орны болып табылады. ТАУ-дың Инновациялар және кәсіпкерлік орталығы Израиль үкіметімен тығыз байланыста, әлемнің басқа да институттарымен және зерттеу орталықтарымен, өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Сонымен қатар, ТАУ-да Ramot коммерциалау кеңсесі мен StarTAU кәсіпкерлік орталығы жұмыс жасайды.