Ақмола облысының орталығындағы аэропорт мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен бірнеше күннен бері жабық тұр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекеттік бақылау және тексеру органдарының заңды талаптарын, ұсыныстарын, қаулыларын орындамағаны үшін авиакомпанияның лауазымды тұлғаларына 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып, аэропорттың жұмысы 10 күнге тоқтатылған. Бұл шара 20 мамырдан басталған. Енді 30 мамыр күні әуе қақпасы қайтадан өзінің жұмысын жалғастырады.