1-маусымда Астанада Ресейдің Қазақстандағы алғашқы сауда үйі ашылады. Бұл туралы кеше Қазақстандағы РФ сауда өкілі Александр Яковлев мәлім етті.
“1-маусымда Астанада Ресейдің Қазақстандағы алғашқы сауда үйін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл біздің бірінші жобаларымыздың бірі болмақ. Сауда үйі біздің ресейлік компанияларға көмек береді, ал біз елшілік тарапынан оларға мемлекеттік қолдау жасаймыз”,
Оның айтуынша, сауда үйлері сыртқы экономикалық үдерістерге белсенді араласып отырған қатысушыларға әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізуге, келісімшарттарды жасауда заңнамалық тұрғыда кеңес беруге, логистика мен көрме ұйымдастыруға көмек жасайды.
Бұның алдында xабарланғанындай, Ресейде Қазақстанның сауда үйі ашылған болатын. Ол Мәскеуде “Фуд Сити” агрокластерінде орналасқан. Отандық тауарөндірушілер Мәскеу нарығында бал, сүт өнімдерін, кәмпиттер, балық деликатестерін, ет өнімдерін сатады.