Қазақстандық әнші қыз Луина төсін үлкейткісі келеді екен. Кеудесінің кішкентайлығына көңілі толмайтын әнші өзінің инста-парақшасында «Өмірбақи жас болғым келеді, бір рет берілетін өмірде жақсы өмір сүру керек», – деп жазыпты.
Соңғы уақытта тележүргізушілік қырымен де көрініп жүрген әнші дүйім жұртқа омырауына ота жасататыны жөнінде хабарлады. Ашық-шашық киінуді жаны сүйетін ол енді төсін төбедей етпек, деп жазады juldizdar.kz сайты.
Осы жаңалығынан кейін-ақ инста-парақшасына жартылай жалаңаш суретін салған Луинаға тіркелушілері ақыл айтып әлек. Әншінің төсін силиконмен «толтыру» идеясын құп көргендерге қарсылық білдірушілер де табылды. Олар «құдай берген бар омырауыңды қанағат тұт» деген сыңайда пікір айтады.
Бірақ оған құлақ асып отырған әнші жоқ. Спортзалдан шықпайтын, ұдайы бимен айналысатын, енді төсін екі-үш есеге дейін өсіруді армандаған Луинаның айтуынша, мұндай қадамға баруға инста-парақшасындағы тіркелушілері мәжбүр еткен.
Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынған