Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

«KADEX-2016» көрмесі: журналистер арасында байқау жарияланды

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық көрме тақырыбын үздік журналистік жариялау тұрғысындағы шығармашылық байқаудың негізгі мақсаты – аталмыш көрме тақырыбын талқылауға журналистерді тарту. Байқау Қазақстанда шығатын қалалық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ электрондық бұқаралық ақпарат құралдары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке аталымдар бойынша өткізіледі.

Байқауға қатысуға газет, радио және телевидение, ақпараттық агенттіктердің журналистері, сондай-ақ Астанадағы IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің өткізілуі туралы материалдарды жариялайтын және басып шығаратын штаттан тыс авторлар шақырылады. Байқауға ұсынылатын материалдар 10 маусымға дейін қабылданады.

Байқау жұмыстары көрменің өткізілуі кезіндегі аңдатпа оқиғаларды жариялау бойынша материалдардан, сондай-ақ көрменің өткізілу қорытындысы бойынша материалдардан тұруы мүмкін.

Жеңімпаздар бес аталым бойынша анықталады. Атап айтқанда, «Баспа басылымдарындағы үздік жарияланым», «Интернет-басылымдардағы үздік жарияланым», «Үздік телесюжет/телебағдарлама», «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама, «Үздік фоторепортаж/фотоочерк».

Байқау ережелері және шарттарымен ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайтының KADEX бөлімінде танысуға болады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қазақстандық журналистердің күні кәсіби мерекесі қарсаңында өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз