Қазақстанның табиғаты үнділерді қайран қалдырды. Қатты қызықтырғаны соншалық, енді еліміздің көз тартар көрікті жерлері үнді режиссері Джея Бидің жаңа фильмінде көрініс табатын болды, деп хабарлады www.24.kz.
«Әдетте киноны Еуропада немесе Америкада түсіреді. Мен Қазақстанда түсіргім келді. Осы фильм арқылы елдеріңіз әлемге тағы бір танылады деп ойлаймын. Туризм саласының дамуына да түрткі болады. Қазақстанға туристер көптеп келеді. Себебі, сіздердің салт-дәстүрлеріңізбен етене танысқысы келетін адамдар көп. Ал фильмді үш айдан кейін экранға шығаруды жоспарлап отырмыз»,
– дейді режиссер Джея Би.