Филиппиннің жаңадан сайланған президенті Родриго Дутерте өлім жазасын қайтарып, құқық қорғау органдарына оқ атуға рұқсат берді.
Бұл – 71 жастағы ел лидерінің кезекті резонансты бастамаларының бірі. Осыған дейін ол алкоголь мен темекі шегуге тыйым салуға, сонымен қатар балалар үшін коммендантық сағат орнататынын айтқан. Сондай-ақ ол президенттік сарайда аурухана орналастыруға сөз берген, деп хабарлады Би-Би-Си.
Сонымен қатар, қамауға алар сәтте қарсылық көрсеткен жағдайда, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен байланысты тұлғаларды ұстағанда құқық қорғау органдары қарумен ата алады, деді ол.