39 жастағы Нұрлан Чалбасов алматылықтарды қымбат көлік әперемін деп алдап, 31 млн теңгесін қолды еткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімі хабарлағандай, күдікті шетелден қымбат көлік тасумен айналысатын жеке кәсіпкерлік ашқан. Өзінің қызметі үшін ол көлік құнының 70 пайызын алдын ала алып отырған. Осылайша аңқау тұрғындардан 31 млн 200 мың теңге жинап алған.
Қазір күдікті ІІД уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.