Мәскеуде қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды. Оған Ресейдің түкпір-түкпірінен балуандар жиналды деп хабарлайды 24kz.
Білектілер сайысына Астрахань, Қазан, Омбы мен Санкт-Петербордағы консулдық мекемелердің қолдауымен қазақ елінің Ресейдегі елшілігі мен Ресей аймақтарындағы қазақтардың ұлттық-мәдени бірлестіктері, сондай-ақ Мәскеу Қазақ күресінің федерациясы мұрындық болған.
Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар, ал «түйе балуанға» жеке марапат тапсырылды.
Біржан Мұқаев, МИИТ студенті:
– Былтыр да қатысқам, жыл сайын болып тұрады. Бүгін енді Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қатысты үлкен мереке болып жатыр.Әрине, бұл – қазақ дүниесінде ежелден ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі ұлттық күресіміз.
Махмет Қасиет, балуан: – Қазақ күресімен айналысып жүргеніме 9 жыл болды. Көптеген жарысқа қатысамын. Қазақ баласы болғаннан кейін осындай жарыстар көбірек ұйымдастырылса деген ойдамын.