Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-17
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Т. Досмұхамбетов шетел азаматтарына салған инвестициясы үлесіне қарай жерді жалға беруді ұсынды

«Менің ойымша, жерді жеке иелікке беру керек. Шаруа жерін алса, оны банкке кепілге салып, несие алып, өз жерін өңдей алады. Осы ретте жерді шетелдіктерге де беру керек, алайда оның мерзімін айқындау қажет. Бұл салған инвестициясына қарай байланысты болған дұрыс. Егер де инвестиция қомақты болса, оны жалға берген абзал. Мәселен, 10 жылға дейін, ал инвестиция көп болса 25 жылға дейін созуға жағдай жасау керек. Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытуға қаржы жетпей жатыр», – деді Т. Досмұхамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, комиссияда жерді тиімді пайдаланбау проблемасын да талқылау керек. «Бүгінде біздің көптеген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 500-600 мың гектарға дейін алғаны жасырын емес және жерді дұрыс пайдаланбай жатыр. Оларда техникалары мен мүмкіндіктері жоқ. Комиссия жерді дұрыс бөлуді қарастыруы тиіс», – деді ол.

Т. Досмұхамбетовтің айтуынша, бүгінде еліміздегі банктердің жұмысы көңіл көншітпейді.

«Біздің банктер берген несиесіне қарағанда кепілзатқа үш-төрт есе артық талап етеді. Осы ретте біз комиссиямен бірге талқылау жасауымыз керек»,-деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз