Жапония үкіметі автоөндірушілерді модельдерінің жанар-жағармай шығыны туралы мәліметтерді олардың брошюралары мен техникалық құжаттарына жазуға міндеттеу мәселесін қарастырып жатыр.
Қазір Жапониядағы өндірушілер жанар-жағармайдың орташа шығынын ғана көрсетуге міндетті. Алайда 2018 жылы жаңа ереже күшке енуі мүмкін. Оған сәйкес құжатта қалалық, қала маңындағы және алыс жолдағы трассалардағы жанар-жағармай шығыны жеке-жеке көрсетілуі шарт.
«Нақты шығынмен ерекшелік аз болады деп үміттенеміз», – деген ведомство өкілінің сөзін келтіреді агенттік.
Осыған дейін Mitsubishi Motors компаниясына қатысты «жанар-жағармай дауы» туындаған. Оның басшылығы корпорация жанар-жағармай шығынын кемітіп көрсету үшін көліктерін ережеден тыс сынақтан өткізген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл көрсеткіш 5-10% төмендетілген.