Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Швейцария, Нидерланд, Польша және Сингапурдегі Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып;
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып;
Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды», – делінген.