Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Астанада бокс кешін өткізуге, оны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында орайластыруға ниетті екенін білдірді.
«Біздің елімізде жекпе-жек ұйымдастыруды қашан да қолдаймын. Бірінші кезекте, біздің адамдарымыз осындай шоу көруге бұрыннан лайықты болғандықтан қолдаймын. Бұл ретте, билік өкілдері, спорт және бокс басшылары, бұл жекпе-жекті ұйымдастыра алатындар түсіністік танытуы керек. Келесі жылы Астанада ЭКСПО көрмесі өтеді, Қазақстандағы жекпе-жекті соған неге орайластырмасқа? ЭКСПО-2017 көрмесінің елшісі ретінде мен бұл жекпе-жек арқылы көрермендердің осындай үлкен оқиғаға назарын аударту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», – деп жазылды Головкиннің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобының парақшасында.
«Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға тігіледі және мен бұл заңдылық болады деп ойлаймын. Біздің еліміз осындай кешке лайықты», – деді боксшы.