11 мамыр, сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады деп болжайды «Қазгидромет» мамандары.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтілуде.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, кей жерлерде тұман болады, желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұманды ауа-райы күтілуде, күн күркіреп, секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысында тұман күтілуде.
Алматыда аспан ала-бұлтты болып, ауа температурасы +21 градусқа дейін жылынады. Жаңбыр жаумайды деп болжануда.
Астанада күн бұлтты болмақ, ауа температурасы +17 градус.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 12 мамыр күні түнде -6 градусқа дейін аяз түсетінін ескертті.