Қазақстандық турист Біржан Өмірзақов 9 мамырда Вриндаван қаласында өлі табылды, деп хабарлайды India Today жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Бүгін таңертең ол есігін ашпаған соң полицияға шұғыл хабар берілген. Олар бөлмеде мәйіттің үстінен шықты.
Полицейлердің айтуынша, Қазақстан Республикасының елшілігіне бұл оқыс оқиға жайлы хабарланған. Қазіргі таңда қазақстандықтың мүрдесі мәйітханада жатыр. Қазіргі таңда мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.