Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-19
USD
524
-0.14
EUR
545
-0.25
RUB
5.2
+0.09

9 мамырда елімізде найзағайлы жаңбыр жауады, қатты жел соғады

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, ұйытқуы 24 м/с-ге жетеді.

Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20-ға күшеюі және найзағай күтіледі, Жамбыл облысында оның жылдамдығы 23 м/с-ге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, түнде құм аралас дауыл соғады, найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде найзағай болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Павлодар облысында түнде кей жерлеріне тұман түседі.

Ақтөбе облысы – найзағайлы.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының кей жерлерінде 1-6 градусқа дейін күн суытады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз