Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстанға ғарыш саласы қажет пе?

144

Көрнекті мысал ретінде жерді алыстан зондпен тексеретін ғарыш жүйесін (ҚР ЖАЗТ ҒЖ) ұшыруды алуға боолады. Бұл жүйенің басты артықшылығы, ол қазақстандық жерсеріктерден, яғни спутниктерден әлемнің кез келген аумағының сенімді суреттерін жедел түрде алуға қабілетті, ал оның бірегейлігі — алынған ақпаратты бүкіл әлемдік нарыққа сатуға болады.

Жерді алыстан зондпен тексеру жүйесін екі оптико-электрондық ғарыш аппараттары құрайды: «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» сателлиті. Бұдан бөлек, бұл жүйенің құрамына мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жердегі мақсатты кешен кіреді.

Атап айтар нәрсе, екі жерсерігі де – жоғары интеллектуалды және ғылыми еңбекті өте көп қажетсінетін жұмыстың жемісі.

Ғарыш жүйесі тәулігіне 1 млн. шаршы километрді суретке түсіруге мүмкіндік береді, бұл өнімділігі жағынан жердегі барлық құралдардан мың есе асып түседі.

Мұның сыртында, қазақстандық ғарыш жүйесі – әлемдегі ең үздік жүйелердің бірі. Мұны қазақстандық жерсеріктерден түсірілген суреттерді шетелдерге таратуды қарастыратын оннан астам келісімдердің болуы да дәлелдейді. Жалпы, «KazEOSat-1» тек АҚШ немесе Франция сияқты жоғары дамыған елдердің жоғары сапалы сателлиттеріне ғана жол береді. Солай десек те, мұндай қымбат бағалы аппараттар Қазақстанға керек те емес, өйткені олар әскери қарулар санатына жатады.

Қазақстанға бүгін мұндай аппараттар не үшін қажет? Оның бірнеше себебі бар. Олардың бірі – экономикалық себеп. Бүгін әлемнің барлық дерлік жетекші мемлекеттері жаңа технологияларға көшіп жатыр. Атап айтарлығы, ғарыш қызметтерінің үлес салмағы үнемі өсіп, жердегі құралдарды біртіндеп ысырып жатыр.

 

Ak_Orda_saray--e1460457860587

Жерсерігінен жасалған танымал суреттердің бірі: Астана, ғарыштан көрініс

 

Еуроконсалттың есебіне сәйкес, жерсеріктерінің саны 2015 -2022 жылдарда 360 бірлікке дейін артады, ал оларды өндіруден түсетін табыс 35,8 млрд АҚШ долларын құрайды деп күтілуде. 2023 жылға қарай жерді алыстан зондпен тексеру мәліметтерінің коммерциялық нарығы 3,6 млрд АҚШ долларына жететін болады.

Бұдан бөлек, ЖАЗТ-ның меншікті жүйесі Қазақстан экономикасының түрлі салаларында өте тиімді қызмет атқаруда. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігіне, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке, Қорғаныс министрлігіне, экология және табиғатты, жерді пайдалану саласына, геодезияға, картографияға қатысты.

Мәселен, мұнай-газ саласында ЖАЗТ жүйесі төмендегідей қызмет етеді. Оның міндеттері:

  • Мұнай өнімдерімен ластанған аймақтарды анықтау, мұнайдың апаттық төгілуіне мониторинг жасау;
  • Пайдалы қазбаларды өндіру мен кеніштерге мониторинг, бақылау және түгендеу жүргізу;
  • Апаттардың алдын алу мақсатында мұнай мен газдың игеріліп жатқан кеніштеріндегі жер қабаты шөгуінің шамасын анықтау;
  • Жылжулар мен опыруларды және олардың динамикасын бағалап, тектоникалық және сейсмологиялық сипаттағы қауіптерге баға беру;
  • Мұнай-газ кешеніндегі табиғатты қорғаудың жоспарлануына және жобалануына геоақпараттық ілеспе жасау және тағы басқалары.

 

ne1

Ғарышқа осылай мониторинг жасау арқылы жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларды анықтауға болады

 

ЖАЗТ жүйесі геологиялық барлауда және картаға түсіруде, экологиялық қауіпті нысандарға мониторинг жасауда, электр энергиясын тарату жүйелерін, трансформаторлық аралық станцияларды салуда кеңінен қолданылады.

Бұдан бөлек,

ғарыштық мониторинг құбыр желілері бұзылған немесе магистральдық құбыр желілеріне заңсыз қосылған жерлерді, заңсыз өндіру ошақтарын оп-оңай анықтайды

 

ne2

Жер қойнауына ғарыштық мониторинг жасау

 

Бұл айтылғандарға қосарымыз, ҚР ЖАЗТ ҒЖ жүйесі сияқты күрделі кешендерді жасау және оған қызмет көрсету – қажетті мамандарды дайындау бойынша үлкен жұмысты талап етеді. Сондықтан

Қазақстанда ЖАЗТ жүйесінде жұмыс істеуге аппараттарды жобалау, жинақтау және сынақтан өткізу бойынша жоғары санаттағы 24 қазақстандық маман және пайдалану мәселелері бойынша 21 адам дайындалды

Міне,бұл ғарыш саласының Қазақстан экономикасының ірі сегментіне айналып келе жатқанының бір ғана көрінісі.

 

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз