Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады”, – деп ескертті синоптиктер.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.