“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясы жарыққа шыққалы бері ел наразылығына ұшырауда.
Баян Сұлуға тұрарлық тәжірибелі актрисаның орнына студент қызды алғаны үшін Баян Мақсатқызының тарапына түрлі шағымдар түсіп жатты. Оның басты себебі – жас актриса Алматы облысы әкімі орынбасарының қызы. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек хабарлады.
https://kaz.365info.kz/korsetkishi-kyshti-erlan-kharin-khozy-korpesh-bayan-sylu-filmin-synagandarga-zhauap-khatty-296061
“Тілімнің қорланғанын көріп қатты жүрегім ауырды. Халықтың шырылдауы орынды.
Басты рөлді ойнаған қызда ешқандай қазақылық жоқ. Актриса дұрыс таңдалмаған. Қазақтың мəдениетін ашып көрсете алмаған. Бəрінің пікірін оқып шықтым. Біраз елге танымал аға- апаларым ашынып отыр екен. Ұлттық идеологияның құлдырауы деп осыны айту керек!
Ал Баян ханымға келер болсақ, Баян ханым егер таза болсаңыз мынандай əңгімелер ермес еді артыңыздан. Спонсорларды лақтырып, сериал түсіргеніңіз үшін жер алып жатсаңыз бұл нағыз коррупция. Мұны жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріп көргені дұрыс болады деп ойлаймын. 54 миллион теңге жерде жатқан ақша емес! Халықтың салығы! Халық өз қаржыларының қайда кетіп жатқанын сұрауға құқылы!” – деп мәлімдеген заңгер желіден алынған мәліметтерді жария етті.
Оған сәйкес, Баян Мақсатқызы Гүлзада Тұрлашты сериалға түсіру үшін оның әкесінен 800 гектар жер сыйға алған. Алматы облысының аумағында орналасқан жер Алагөзованың сіңлісі Бағым Мұхитденованың атына жазылыпты.
https://kaz.365info.kz/abden-sharshattyndar-goj-bayan-esentaevanyn-akesi-bylkhan-talkhan-boldy-296528
Алайда Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Гүлзада Тұрлаштың әкім орынбасары Лаззат Махатұлы Тұрлаштың қызы екенін растады. Алайда Гүлзаданың арнайы кастингтен өткенін алға тартып, ол үшін арнайы жер бөлінгенін жоққа шығарды.
“Айгүл Орынбек жариялаған посттағы Баян Мақсатқызына 800 гектар жер берілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдеймін”, – деп жазды ол Facebook-те.