Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

8-қабаттан құлап мерт болған қыздың өліміне себепкер деген жігіттің суреті жарияланды (фото)

Олар үнемі көңілді жүретін қыздың өзіне қол салғанына сенбейді.

«Мұнда ешқандай қан болған жоқ. Куәгерлер оның жерде жатқанын көрген. Сырттай қарағанда өзіне қол салғанға ұқсамапты»,  – дейді анасы Жанаргүл Бұзауқызы.

Анасы сол күні пәтерге кірмек болғанымен ешкім есік ашпаған. Көршілерінен сұрастыра жүріп пәтердің полиция офицеріне тиесілі екенін білген.

pensioner600_600x400

«Ол полицей формасымен жүреді. Пәтерді жалдауға бермейді. Жақсы адам. Бұл іске оның қатысы жоқ деп ойлаймын», – дейді тұрғын Мырзабек Бекберді.

Ал қыздың ата-анасы бұған сенбейді. Олардың айтуынша, ол қызымен болған  жігіттің ағасы.

Тілеугүлді соңғы рет көрген Азиз Авитов. Ол супермаркетте жұмыс істейді. Тергеушілер оны жауап алған соң босатты.

«Ол менің қызымды үйіне әкеліп әдейі өлтірді. Оған сенімдімін. Тергеушілер оны қамай алмайтындарын айтады. Қызым өз еркімен пәтеріне келіп, терезеден өзі секіргенін айтады», – дейді анасы.

1679134

Студент қыздың туыстары сағат түнгі 4:12-де қыздың денесі шөп үстінде жатқаны түсірілген кадрды тапқан. Ал жеңгесіне қыздың атынан 4:14-те хабарлама келген. Ата-анасы хабарламаны қыздың жібергеніне сенбейді. Тергеушілердің қыздың денесін таңғы 05:00-де тапқаны, ал туыстарына кешке хабарлағанына да күмәнмен қарайды. Барлық құжаттары мен телефоны қыздың өзімен бірге болған.

Енді істің ақ-қарасын сараптама анықтайды. Оның қорытындысы бірнеше аптадан соң дайын болады.

Дереккөзstan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз