Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан, Солтүстік Корея және Венесуэла азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды.
Құрама Штаттардың жоғарғы соты бұны заңды деп таныған. Сол-ақ екен, Ақ үй алдына жүздеген адам жиналып, бұл тыйымға қарсылықтарын білдірді, деп хабарлайды Астана арнасы.
Айта кетейік, АҚШ басшысы Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен кезде, аталған елдердің азаматтарына АҚШ-қа 90 күнге дейін кіруге болмайды деген үкім шығарды. Алайда сол кезде федералды соттар Трамптың бұл шешімін жүзеге асыруға рұқсат бермеді.
Өйткені мигранттар арасында қарақшылар мен қылмыскерлер көп дейді.