Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

7 мың еуро төленетін жұмысқа адам іздестіріліп жатыр

123

Олардың хабарландыруы Perfocal агенттігінде жарияланды.

«Бізбен бірге әлемді аралап, түрлі шараларда суретке түсіретін адамды іздестіріп жатырмыз. Оның үш айдан аса уақыт үйінен тыс жерде жүруге мүмкіндігі болуы тиіс.

Біз Еуропа, Америка және Оңтүстік Америкадағы мемлекеттерге саяхаттаймыз. Сонымен қатар Аустралияға барамыз», – дейді жұмыс берушілер.

Сондай-ақ, олар мұндай жұмысты бір жылдық мерзімге ұсынатынын және айына 7 мың еуро (2 млн 900 мың теңгеден аса) төлейтінін айтты.

Хабарландыруда фотосуретшінің кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы керектігі көрсетілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз