Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“7-20-25” бағдарламасы бойынша пәтер алу қол жетімді бола түсті

“Бағдарламаның серіктес-банктері: Центркредит банкі, Халық банкі, АТФБанк, Цесна Банк, Bank RBK, Forte Bank пен Еуразиялық банк.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанкті бағдарламаға қосу процесі жүргізіліп жатыр.

Барлық банк белсенді жұмыс істеп жатыр. Өтінім қабылдауда ешқандай проблема жоқ”, — деді Алтынбеков сенатта “7-20-25” ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша өткен кездесуде.

Оның айтуынша, тамыз айымен салыстырғанда қыркүйек айында көрсеткіш екі есеге өскен.

“Қазан айының көрсеткіштері оның алдындағы айдан жоғары болады деп күтілуде. Аймақтар бойынша айтсақ, бағдарлама Астана мен Алматы қалаларында, Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғарғы қарқынмен іске асырылып жатыр”, — деді ол.

Алтынбеков халыққа “7-20-25” бағдарламасы кең көлемде түсіндіріліп жатқанын атап өтті.

“Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде барлық ақпарат жедел таратылады, тәулік бойы колл-орталықтар жұмыс істейді. Сондай-ақ “Баспана7-20-25.kz” сайты бар. Онда кез келген азамат бағдарламаға қатысты мәлімет ала алады”, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз