Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

6 жыл өз үйінің жертөлесінде қамалған қыздың құпиясын білген ел жағасын ұстады

122

Қыздың жігітімен айырылысқаны ата-ана үшін жеткіліксіз болған секілді. Олар қызды жертөлеге қамауды жөн көріпті. 1 күнге, тіпті 1 айға емес, бақандай 6 жылға.

Ауыл тұрғындарына қыздың ата-анасы қызымыз психологиялық ахуалға ұшырады, ешкіммен араласа алмайды деп сылтауратқан. Тұрғындардың айтуынша, олар ата-анасына сенбеген, қыз бірнеше мәрте жертөледен шығуға тырысқанымен, ерлі-зайыптылар оны қайта қамап тастайтын. Адамдар бұл әрекеттің талай куәсі болған, қызды құтқаруға тырысқан. Алайда, ата-анасы өзіміздің жеке шаруамыз дегенді алға тартып, көршілеріне бөгет келтірген.

Ауылдың әр тұрғыны бұл жағдайдан хабардар болған. Алайда, тұрғындардың бірі қалай да көмектесуге бел байлайды. Ата-анасының не ойлайтыны оны толғандырмады, тек қызды сол қапастан алып шыққысы келді. Қыздың жағдайы оны алаңдатты, сол себепті полицей қызметкерлеріне оның жағдайын кқрсету үшін суретке түсіріп алады.

«Сол сәтте Қытайда Жаңа жыл тойланып жатқан. Елдің бәрі абыр-сабыр болып мерекенің қызуына батқанда, мен сол үйге тығылып кіріп, қыздың қандай жағдайда екенін білдім. Бейшара қыз сабандардың арасында жатыр екен. Жанында шашылып жатқан тамақтың қалдықтары. Ата-анасының психологиясында бір аутықу барына сенімдімін. Полицей қызметкерлері бір шара қолданар деп үміттенмін» дейді 50 жастағы Чоу Джен.
 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз