Мүлікті жария ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардағы комиссияға бүгінгі таңда 1 421,1 млрд. тенге сомасында 86 332 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені – 1 190,5 млрд. тенге. Ал жылжымайтын мүлікті жария ету үшін сомасы 861,0 млрд теңгені құрайтын 85 416 өтініш (декларациялар) келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде: сомасы 640,8 млрд. теңгенің 71 074 тұрғын үй нысандары, сомасы 208,0 млрд. теңгенің 37 221 тұрғын үйге жатпайтын нысандары және 8 746 млрд.теңгенің 139,5 коммерциялық нысаны бар. Атап айтқанда, оның сомасы 6,6 млрд. теңгесі 37 заңды тұлғалардың үлесіне тиесілі. 81 118 нысан, бағалы қағаздар және ақша сомасы 644,7 млрд. теңге жария етілді.
Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 809,1 млн. теңгені құрайтын 56 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті.
– сомасы 1 205,5 млн. теңгеге бағаланатын 49 тұрғын үй нысаны;
– сомасы 8,3 млн. теңгені құрайтын 3 тұрғын үйге жатпайтын нысан, оның ішінде -6,1 млн. теңгенің 2 коммерциялық обьектісі де бар.
– үлестік қатыстағы 5 заңды тұлғалардың 9,9 млн. теңгесі;
– 585,4 млн. теңгенің бағалы қағаздары бар.
Сонымен қатар, құны 1 756,6 млн. теңгенің 56 нысаны және бағалы қағаздары жария етілді.