Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

515 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Айтулы шарада үгіт тобы партияның осы уақытқа дейін атқарған ілкімді істерін тілге тиек етіп, сайлауалды бағдарламадағы 7 басымдықтың негізгі мақсаттарына тоқталды. Оның ішінде алдағы 5 жыл шеңберінде атқарылуы тиіс шаралар жоспарларымен таныстырды. Осылайша, еркін форматта өткен басқосуда тұрғындар да өздерін толғандырған ауылдар мен елді мекендерді көркейту, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті алға жылжыту, әлеуметтік салаға басымдық беру мәселелерін көтерді. Үгіт тобы болса, тұрғындардың талап-тілегі қараусыз қалмай, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізетінін жеткізді.

– Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына жаңа тұрғын үй құрылысын қолжетімді болуын қолдайды. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 515 мың шаршы метр тұрғын үй салмақ. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үй пәтерлер санын 241-ге жеткізіп, кентте 152 отбасы үшін тұрғын үй салу мәселесін шешуге ниетті. Осы шаралардың нәтижесінде 136 отбасы тұрғын үймен және 800-дей отбасы жер бөлігімен қамтылатын болады, – үміткер М.Жұмәділов.

Айта кетейік, партия халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарының дамуы, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауданның артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланбақ. Осы орайда, мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен шағын және орта бизнес салаларында 20 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Мәселен, 2021 жылға әк, керамзит құрылыс материалдарын, кірпіш, тротуарлық плитка және темір-бетонды құбыр бұйымдарын шығаратын зауыттарын салуға ниетті. Ал 2023 жылы Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында кен байыту комбинатын салып, қуаты 4 млн.тонна кенді қайта өңдемек. Мінекей, осы шаралар нәтижесінде 6,2 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, жұмыссыздық деңгейін 5,1 %-дан 4,7 %-ға төмендетуге қол жеткізіледі.

“Nur Otan” партиясы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз