Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

5 мамыр – Халықаралық акушерлер күні

Қазақстандағы ана мен бала күтімі жүйесіне қатысты мәліметтер:
• Елімізде 240 босандыру мекемесі бар, оның ішінде 58 перзентхана мен 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді;
• Амбулаториялық қызметті 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт көрсетеді;
• Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер жұмыс істейді: 64%-ы қалада, 36%-ы ауылдық жерлерде қызмет етеді;
• Перзентханаларда 3 740 акушер, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мекемелерінде 3 675 акушер еңбек етеді;
• 600-ден астам акушер шалғай елді мекендердегі фельдшерлік-акушерлік пункттерде тұрғындарға қызмет көрсетіп жүр.

Халықаралық акушерлер күнін атап өту бастамасы алғаш рет 1987 жылы көтеріліп, 1992 жылы ресми түрде мойындалды. Қазақстан үшін бұл күн — тек кәсіби мереке ғана емес, әрбір сәбидің аман-есен дүниеге келуіне үлес қосып жүрген білікті мамандарға деген алғыс пен құрметтің белгісі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз