Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

42500 теңгені кімдер ала алмайтыны белгілі болды

102
A man reads job offers posted at a job fair in Moscow May 26, 2009. Thousands of unemployed Russians crammed into the Moscow job fair on Tuesday, trying to shove their way into a reeling labour market where employers now hold all the cards. Russian unemployment has ballooned to 6.1 million, 8.1 percent of the economically active population. REUTERS/Denis Sinyakov (RUSSIA POLITICS EMPLOYMENT BUSINESS)

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

АӘК алатын адамдар, зейнеткерлер және осы уақыт ішінде жұмыс тапқан адамдар, сондай-ақ студенттер, бала емізетін әйелдер төлемге үміткер бола алмайды. Біздің заңнама бойынша студенттер экономикалық белсенді халыққа жатпайды, өйткені экономикалық жұмыспен қамтылмайды. Бірақ жұмыс істейтін студенттер бір реттік төлем ала алады, — деді министр. Оның сөзін Zakon.kz келтіреді.

Сондай-ақ қатаң шектеу карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты табысын толық жоғалту фактісі расталмаған тұлғаларға да біржолғы төлем төленбейді, соның ішінде:

  • егер жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалған заңды тұлғаның қызметі қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізумен шектелмесе;
  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе әлеуметтік демалыста жүрген, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес маусымдық жұмыста істейтін адамдарға;
  • ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында бірыңғай жиынтық төлемді төлеу фактісі жоқ ҚБП төлеушілеріне;
  • ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында міндетті зейнетақы жарналарын төлеу фактісі жоқ МЖӘ шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға;
  • зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды, атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға, МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған адамдарға және «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, шектеу карантиндік шаралар кезеңінде ҚБЖ-ны бірінші рет төлеген адамдарға;
  • қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде  мемлекет толық қамтамасыз ететін адамдарға;
  • бұрын біржолғы төлем алып, қазіргі кезде табысын қайта қалпына келтірген азаматтарға.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз