Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“400 еркек ұсыныс жасады”. Шымкенттің сұлулық байқауында жеңіп шыққан жігіт түпкі мақсатын айтты

377

Арина Алиева атты бүркеншек атымен Шымкент қаласының сұлулық байқауына қатысқан жігіт өзінің қызтеке емес екендігін және мұндай қадамға неліктен барғандығын айтты.

 

«Қазір Instagram парақшасын ашып қалсаң, барлық қыздардың түрі бірдей. Қастары, еріндері, кеуделері мен бөкселерін қолдан жасап алған. Одан қалды фотошопты қосыңыз. Бір қызды көресіз де ойлайсыз, мынау «керемет, мінсіз ару» деп. Бірақ, ол қызбен кездесіп, аузынан шыққан сөзін естісеңіз, тек сырт келбетке ғана сенетінін білесіз», – деді Илай.

Түрлі косметикамен беттерін әрлеп алатын аруларға қазіргі жігіттердің алданып қалатынын айтып, жігіттердің де мұндай косметикалардың көмегімен сұлу бола алатынын дәлелдегісі келіпті Илай.

«Маған 400-ге жуық жігіт хат жолдап, кездескісі келді. Тұрмысқа шығуға да ұсыныс білдіргендер де болды.

«Міне, менің дәлелдегім келгені де осы. Біз қазір тек қана сырт келбетке тәуелдіміз. Сырты жылтыр адамның ішін ешкім білмейді. Оған назар аудармайды да. Менің еркек екенімді ешкім білмеді. Тек сыртыма қызықты», – деп сөзін қорытындылады Илай Дягилев.

Бір мезетте желіде жұлдыз бола қалған Илай дәл осы мақсатты көздеді ма екен, білмейміз. Қандай жағдай болмасын, жігіт осы оқиғадан ұтылған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз