Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“40 минут бойы….”. Қаскелеңдегі жартылай жалаңаш тәрбиеші туралы жаңа дерек шықты

331

"Евразия" телеарнасынан скриншот

“Алғашында өзім ұялып қалып, бөлменің есігін жаба салдым. Содан кейін онда бір жамандықтың болғанын түсініп, суретке түсіріп алмасам, кейін дәлелдей алмай қаламын деп шештім.

https://kaz.365info.kz/khaskelende-akhyl-esi-kem-balalar-internatynda-bolgan-okhigaga-bajlanysty-bilim-beru-baskharmasy-zhauap-berdi-305011

Бөлмеге кіріп, екі сурет түсірдім. Тәрбиешілерден онда не істеп жатқанын сұрадым. Олар жарытып ешнәрсе айта алмады. Неге олай жасағандарын әлі деп түсіндірмеді”, – дейді Айтмұқанов.

Ал тәрбиеші баламен бір бөлмеде болғанын жоққа шығарып, азаматтың жала жауып жатқанын айтқан.

Баланың шын мәнінде бөлмеде әйелдермен болғанын интернаттың камералары нақтылады. Тәрбиеші мен белгісіз әйелдің жанында 10 жастағы оқушы 40 минуттай жеке қалған.

"Евразия" телеарнасынан скриншот

Ең сорақысы, Арсеннің өзі бөлмеде не болғанын айтып бере алмайды. Оның ақыл-есі дамуы біраз артта қалып, аутизмнің белгілері байқалған.

https://kaz.365info.kz/ekeui-de-zhalanash-khaskelende-eki-ajel-11-zhastagy-yl-balamen-tosekte-zhatypty-foto-304281

Еске салсақ, бірер күн бұрын Қаскелең қаласындағы ақыл-есі бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушысының әкесі сұмдық жайттың бетін ашқан болатын. Ол ұлын бір бөлмеге қамап қойып, өзі жартылай жалаңаш төсекте жатқан тәрбиешіні тауып алған.

Дереккөз: nur.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз