Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

36 тіл білетін астаналық таксист туристердің өзін таңғалдырды (фото)

112

«Бұрын шет тілін білмедім. Сосын кейбір тіркестерді үйренуге тура келді. Жолаушыларыма «Hello, my friends» деп амандасып, «Let’s Go» деймін», – дейді таксист.

Ол көлігіне отырған азаматтың ұлтын сұрап алып, сол тілге сөйлей жөнеледі. Польша азаматы болсын, монғол болсын, үнді болсын сол тілде амандасып, сол тілде қоштасады. Қазір 36 тілде осылай сөйлей алады.

Ер адамның алға қойған мақсаты ағылшын тілін толық меңгеріп алу.

«Ағам екеуміз де таксиспіз. Ағам үнемі кітап оқып, тіл үйреніп жүреді. Өзінің арнайы блакноты бар. Қазір ЭКСПО-ға келетін шетелдіктер көп. Сондықтан мен де ағылшын тілін үйренсем деп жүрмін», – дейді інісі.

Абдурашид Ширинов елімізге келген қонақтарға осылайша жақсы көңіл күй сыйлағысы келеді. Қонақтар елімізде жақсы әсер алса деген ниетте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз