Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте асылып қалған мұғалімді бірінші болып оқушылар көрген

Сондай-ақ оның туыстары мектеп басшыларына ешқандай қарсылығымыз жоқ деп қол хат жазып берген. Қайғыдан қан жұтқан отбасы мүшелері осымен суицидтен қаза тапқан екінші ұлдарын ақтық сапарға шығарып салғандарын айтуда.

Былтыр дәл осы уақытта марқұмның туған інісі де өзіне қол жұмсап, қаза тапқан еді деп еске алады жақындары.

“Такирхан қайтыс болғар күні жұмысқа шығарып салдым. Көңіл-күйі жақсы еді. Жұмысы десе ішкен асын жерге қоятын. Түс ауа қаралы хабарды естігенде шошып қалдық. Нағашы інім болатын.

Бір жыл бұрын оның інісіде өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан. Мектеп әкімшілігіне қояр талабымыз жоқ”, – дейді марқұм болған педагогтың нағашы ағасы.

Қазір осы оқиғаға қатысты Қаратау аудандық ІІБ тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, қайғылы жағдай 21-ші сәуір күні Асар шағын ауданындағы 90-шы мектепте болған. Білім ұясының басшылығы суицид жасаған әріптестерін қызметте белсенді әрі еңбекқор болған дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз