Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қытайлық инвесторлар Қарағандыда екі зауыт салады

Кабельдік өнім шығаратын екінші зауыт 2021 жылы жұмысын бастап, 2024 жылы жобалық қуаттылығына толықтай өтеді деп жоспарлануда. Зауыт кабельдің әртүрлі түрлерін өндіріп, сатылымға шығарады. «Хуа тун (Центральная Азия) кабель» ЖШС инвесторлары Қарағандыдағы зауыттың құрылысына 13,6 миллиард теңге қаржы жұмсайды деп межеленген.

«Қазіргі уақытта Қазақстандағы кабельдік өнім нарығы айтарлықтай деңгейде шетелдік дайын өнімдерге тәуелді. Оның ішінде Ресей елінен тапсырыс жоғары. Жалпы алғанда елдегі кабельді өнімге сұраныс жылына 400-500 миллион АҚШ долларын құрайды. Сараптамалар қорытындысы елімізде шахта кабелі мен қуатты кабелге сұраныстың жоғары екенін анықтады», – дейді «Forever Fourshing Co. Ltd.» ЖШС директорының орынбасары Асқар Оразбеков.

Жоғарыда аталған инвесторлардан бөлек биылғы жылы бірнеше компаниямен бірлесіп жұмыс жасау жоспарлануда. Сондай-ақ, қуатты шетелдік инвесторлармен серіктестік аясы кеңейтілуде.

«Швейцариялық «Гленкор Интернешнл» компаниясы Жәйрем қаласында заманауи байыту фабрикасының құрылысын бастады. Оның жалпы құны 100 миллиард теңге. Бельгиялық корпорациямен бірлесе отырып «Кармеус Груп» компаниясы Осакаров ауданында әктас өндіретін зауыт салуды жоспарлауда. Қазіргі уақытта зауыт құрылысының жобасы жасалып жатыр. Жалпы алғанда біз шетелдік инвесторлармен бірге 20 белсенді жобаны іске асырмақпыз, олардың құны шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды», – деді аймақ басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз