3-5 мамыр аралығында Қазақстанның солтүтігінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді деп хабарлайды “Қазгидромет” баспасөз қызметі.
Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарында шоғырланған циклон қатты жылдамдықпен Қазақстаннның солтүтігіне қарай ығысуда.
“Осыған байланысты кейбір жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауады,күшті жел,бұршақ жаууы мүмкін.Баренцев теңізі аумағынан ығысқан циклонның нәтижесінде солтүстік және орталық облыстарда ауа райы суытады”, дейді хабарламада.