Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

29 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шаралар тізбесі

Сағат 09:30-да Астанадағы № 9 емханасында иммунизация мәселелері мен тұмауға қарсы екпе жасау шараларының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді деп күтілуде. Оған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мен Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қатысады. Мамандар вакциналаудан бас тартудың себептері мен оның салдары жайында мәліметтер береді.

Сағат 10:00 кезінде елордадағы Astana Marriott Hotel-де Қазақстан Республикасы ІІМ, Беларусь Республикасы ТЖМ және Ресей ТЖМ Бірлескен алқасының V отырысы басталады. Отырысқа аталған ведомстволардың министрлері қатыспақ. Жиында халықты төтенше жағдайлардан қорғаудың өзекті мәселелері талқыға салынады.

Сағат 11:00-де Әділет министрлігінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектор мен бизнес қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Жиын барысында заң жобасының 2 тұжырымдамасын, 2018 жылға арналған Үкіметтің заң жобалау жоспарының жобасын қарастыру ескерілген.

Бұдан бөлек, сағат 12:20 кезінде Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы электр энергетикасын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев саланы дамытудың бағыттары мен энергетика алдында тұрған өзекті мәселелер жайында егжей-тегжейлі баяндап беретін болады.

29 қыркүйекте түстен кейін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы партиялық тыңдау өткізеді. Күнтәртібіне 2016-2020 жылдарға арналған елорданы дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру аясында қаладағы көліктік кешенді жаңғырту тақырыбы шығарылып отыр. Партиялық тыңдау ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді.

Сағат 15:00-де «Алатау» спорт кешені аумағында өзін-өзі қорғау мен жас ұрпақтық моральдық қасиеттерін нығайтуға арналған ашық шара ұйымдастырылады. Осы орайда шараға келгендер самбодан үздік мамандармен пікір алмаса алады, сонымен қатар өзін-өзі қорғаудың ерекше тәсілдерімен танысуға мүмкіндік жасалады.

29 қыркүйекте кешке қарай «Астана Опера» камералық залының сахнасында «Музыкалық дәуірлер диалогы» атты концерт басталады. Онда халықаралық конкурстардың лауреаты Ернар Нұртазин (фортепиано) өнер көрсететін болады. Бүгін «Ұлттық код және жаһандану дәуіріндегі сәйкестік» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтеді. Шараны ҚХА, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырып отыр. Форум Астанадағы Назарбаев Университетінде өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз