Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтады.
Ресей президентінің құттықтауы Кремльдің ресми сайтында ілінді.
“Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, шын жүректен атаулы мерейтоймен – біздің елдердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтаймын. Ширек ғасыр аралығында Ресей мен Қазақстан халықтарының достығы мен сыйластығының арқасында екі ел арасында стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жоғарғы деңгейге жеткіздік”, – делінген Ресей президентінің телеграммасында.
“Біздің елдердің Еуразиялық экономикалық одаққа қосқан үлесі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізуде. Бірлесе отырып, Ресей мен Қазақстан арасындағы барлық кешенді қарым-қатынасты дамытып, халықаралық өзекті мәселелерде конструктивті шешім шығарылуына ат салысатынымызға сенімдімін. Бұл сөзсіз, біздің елдердің негізгі талаптарына жауап береді. Шын жүректен Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, денсаулық, табыс және дүниенің ең жақсысын тілеймін”, – делінген Кремль сайтында жарияланған құжатта.