25 елден 350-ден астам халықаралық және жергілікті спикерлер мен 5 000 қатысушы Алматыға жиналып, білім берудегі ең өзекті мәселелерді талқылайды.
Биыл Алматы бүкіл Еуразия бойынша білім берудегі инновациялар мен жаңа технологиялардың эпицентріне айналады. 25 елден 350-ден астам халықаралық спикерлер мен 5 000 қатысушы Алматыға жиналып, оқу үдерісінде жасанды интеллектіні пайдалану, білім алудағы бірдей дәрежедегі қолжетімділік сияқты білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. Бұдан басқа 30 мыңнан астам адам конференцияға онлайн формада қосылады.
Жасанды интеллект – білім берудегі шындықты ақиқатқа айналдырып, біз үшін шексіз мүмкіндіктерге жол ашып келеді. Болашақта әр балаға тәулік бойы қол жетімді өзінің жеке мұғалімі, әлемнің кез келген бұрышынан өзіне қажетті білімді алатындай мүмкіндігі пайда болады.
Егер біз жасанды интеллект әрбір балаға қолжетімді және пайдалы болуын қаласақ, онда біз бүкіл әлемде білім беру саласын цифрландыруды қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінгі таңда білім берудегі теңсіздік әлі де өзекті мәселе екені рас. Көптеген мемлекеттерде мектептің орналасқан жері білім берудегі мүмкіндіктерді анықтайтыны анық. Мектеп неғұрлым танымал болса, тұрғын үйдің бағасы да соғұрлым жоғарылайды. Бұл әлеуметтік теңсіздікті одан әрі күрделендіріп, оған қоса талантты балаларға кедергі болуда. Цифрлық технология мен жасанды интеллект теңсіздікті толығымен жоймауы мүмкін, бірақ ол әлеуметтік және басқа да келеңсіз жағдайларға тап болатын оқушылар үшін қиындықтарды, бастапқы мүмкіндіктерді теңестіре алады.
EdCrunch-тың мақсаты – тиімді және сапалы білімге әрбір адам өздігінен қол жеткізіп, өзін дамытуға мүмкіндігі артуына жағдай жасау. Бұл өзіміздің де үнемі білім жетілдіріп жатқанымызды білдіреді. Қоғамның мектептер мен университеттердегі білім сапасына деген сұранысы күн санап артып келеді. EdCrunch миссиясы мектептер мен университеттерге деген осы ортаның талабына бірге жауап беруге көмектесу болып табылады. Соңғы 10 жылда EdCrunch білім беру мазмұнын әзірлеу мен жаңартудың қозғаушы күшіне айналды. Осы кезге дейін EdCrunch бас қосуларында әлемнің 35 елінен 1500-ден астам танымал спикерлер мен 2000-нан астам отандық кәсіби мамандар өз білім, білігімен бөлісті. Қатысушылардың жалпы саны 40 000-нан асты. Біз әдіскерлер, психологтар, дизайнерлер, продюсерлер, мұғалімдер және басқа да кәсіп иелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдірсек дейміз. Бұл әрекетіміздің барлығы оқу мен оқытудың сапасын арттырып, тек қана жақсы нәтижелер әкеледі деп есептейміз», – дейді EdCrunch бағдарламасының директоры Нұрлан Қиясов.
“EdCrunch X” көрмесінде сарапшылар балалардың мүмкіндіктері арасындағы алшақтықты азайтатын және әрбір баланың өзін-өзі жігерлендіріп, ынталандыратын жаңа білім беру ортасын құру үшін жасанды интеллектіні қалай дұрыс пайдалану керектігін талқылайды.
Екі күн бойы EdCrunch X 150 сарапшылық сессиясын, панельдік пікірталастарды және білім берудегі цифрлық технологиялардың, когнитивтік ғылымның, жасанды интеллект пен нейробиологияның жетістіктері, үйде оқыту және онлайн магистратураның іске қосылуы бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
Спикерлер қатарында: Гонконг педагогикалық университетінің, Минерва университінің, Беннет колледжінің, Northeastern университетінің, Сан-Диегодағы Калифорния университетінің, Чапел Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің, Стэнфорд онлайн университетінің басшылары; MIT Fablab, Masterclass, Futurelearn британдық онлайн университетінің, арабтық Edraak, Skillbox, Skyeng, Яндекс Практикум сияқты білім беру платформаларының көшбасшылары; Дубай, Финляндия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ, Сингапур, Эстония, Таиланд, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Ұлыбританиядағы дүниежүзілік инновациялық мектептердің директорлары.
Конференция барысында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект туралы тәжірибе алмасып, күрделі білім беру мәселелерін шешуде серіктестердің қолдауына жүгінуге болады.